Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  72


Автор: Жарылқасын Аманұлы

БАҚЫТТЫСЫҢ, ҚАРАҒЫМ, БАҚЫТТЫСЫҢ

Бақыттысың, қарағым, бақыттысың,
Қолыңда тұр қонақтап бақыт құсың.
Уайым жоқ, қайғың жоқ, дербезең сау,
Көктемдегі аспандай ашық түсің.
Қайда тұрам демейсің, қайда барам,
Естіледі шат күлкі айналаңнан.
Күтіп отыр үйіңде сен келер деп,
Ақ дастарқан алдыңа жайған анаң.
Бұдан артық бола ма бақыт деген?
Қуанышың кеудемнен тасытты өлең.
Өткен күнді еске алып, мен сендердің,
Іздеріңді гүл өскен басып келем.
Қайран жастық, жап-жасыл төңірегі,
Маған түстей кешегі көрінеді.
Неге жақұт жанардан төгіледі,
Неге көгі көңілімнің сөгіледі?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу