Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  71


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ӨЗИПА ЖАТҚАНБАЙҚЫЗЫНА

Жомарт Алла саған бәрін беріпті,
Елік мінез, сұлулықты көрікті.
Елжіретер ерке назды ерікті,
Дарынды ғып, жалынды ғып жаратып.
Ризығыңды үстемелей бөліпті,
Өміріңнің жалғасы боп өмірге,
Асқар, Айна, Абылайхан келіпті.
О, Өзипаш, саған Алла беріпті,
Қайратты да, қажырды да ерікті.
Академик Орақбайдай жан жарың,
Інжу, маржан білімімен теріпті.
Арманы жоқ мұндай асыл жігіттің,
Өмірлік жар тапқан сендей серікті.
О, Өзипаш, сені Аруақ қолдапты,
Кітап еттің ойларыңды толғақты.
Бір әулеттің өмір жолын сыр еткен,
Мұндай жазба бұрын-сонды болмапты.
Өлмес мұра ұрпағынан ұрпаққа,
Қайсы қызы қазағымның жолдапты.
Қарындасым, жаны шуақ жайдарлым,
Ақ пейілі тұнығындай қайнардың.
Өнегелі өміріңмен елімнің,
Аты ардақты бір қызына айналдың.
Ерекше ғып сені өмірге әкелген,
Ата-анаңның әруағынан айналдым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу