Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  87


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ҚАЙРАН ӨЛЕҢ ҚАШЫРДЫ ДА ҰЙҚЫНЫ

Қайран өлең қашырды да ұйқыны,
Ұйқы шіркін шығарады ұйқы-тұйқыны.
Самайдың да қыраулары молайып,
Көздің алдын басты әжім қиқымы.
Көмейде сөз жетіп жатыр лапылдар,
Лапылдатып жазуға да қақың бар.
Он мың тонна темір ойдан он грамм,
Алтын ойды іздейді екен ақындар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу