Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  99


Автор: Жарылқасын Аманұлы

КЕЗДЕРІМ КӨП

Кездерім көп аяқты шалыс басқан,
Шалғандар да көп екен алыспастан.
Қалғаным да көп екен қатар шауып,
Озғаным да көп екен жарыспастан.
Шалғандарға аяқтан шамданбадым,
Шын жүйріктер қалғанда арланбадым.
Ақымаққа қосылып ақылдының,
Қиянатқа барғаны – таңданғаным.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу