Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  121


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ҚАЛҚАЙЫП ЕСЕГІНІҢ ҚҰЛАҚТАРЫ

Қалқайып есегінің құлақтары,
Бұл қарттар жібермейді құр аптаны.
Бір тобы құтты болсын айтып жүрсе,
Бір тобы асқа аттанар жырақтағы.
Жайлысын қараңдаршы төсегінің,
Үстінде қалғыр-мүлгір есегінің.
Сонда да олар жалғап келе жатыр,
Арасын бүгінгі мен кешегінің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу