Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  93


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ЖАЗУШЫЛАР ҮЙІНЕ

Сыйыса алмай өз ойыммен өз кеудеме сыя алмай,
Шалынысып шаршап талып,
жеттім саған қияннан.
Ақ батаңды беріп маған қасиетті ақ орда,
Алатаудың асқарына ұшыр демеп ұяңнан.
Алып келді өлең дерті өзегімді өртеген,
Кештеу шығып өзгелерден,
жеттім бе әлде ерте мен.
Бақытымды басымдағы құрбан етіп жолыңа,
Бақытты да, қайғыны да іздеп келдім мен сенен.
Мен даланың ұланы едім, екі сөйлеп көрмеген,
Мен даланың қыраны едім, кере қанат сермеген.
Мен даланың бұлағы едім, күміс күлкі тербеген,
Мен даланың құланы едім, құба белде шөлдеген,
Мен даланың пырағы едім,
шешілмеген кермеден,
Ақ батаңды берші маған, әлі ешкімге бермеген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу