Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  141


Автор: Жарылқасын Аманұлы

АҚЫН КҮЛӘН ШІЛДЕБАЕВА

Көңілің жүдеу, жүзің пәс, бұл күнде
жаның шерлі екен,
Құландай қунақ денеге қу сырқат
қайдан келді екен?
Ат басын бұрып арнайы
халіңді білдік, қамықпа,
Дос тілегі дертіңе мыңда бір дауа ем десең.
Сабырлық керек аз ғана, сауығып әлі-ақ кетерсің,
Арманы асқақ халқымның ақын бір қызы екенсің.
Көп тілеуі көл деген, көкірегі ыстық дүниеде,
Көңілдің құсын ұшырып мұратыңа жетерсің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу