Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  84


Автор: Жарылқасын Аманұлы

МІНЕЗ

Артықпын демен өзгеден,
Артықпын десем, надан де.
Кеммін демен өзгеден,
Кем түссем туа, жаман де.
Ақынмын алау жаны бар,
Күліп те, жылап жүретін.
Жыласа шындап жылайтын,
Бірақ та мені адам де.
Көлгірсіп сөйлеп беделге,
Басымды иіп шағынбан.
Кімге де болса ақаусыз,
Ақтарыламын ағымнан.
Басынар болса, кейбір жан,
Кешірім менен күтпесін.
Садаға кетем арымнан,
Жақсы ғой жоғым барымнан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу