Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  95


Автор: Жарылқасын Аманұлы

АЛАУЛАП ЖАНЫП ЖҮРДІМ МЕН

Өтіпті жылдар, ұмыт та болған секілді,
Ең алғаш сені көргенім гүлдей шағыңда.
Қалқалап сонда алқызыл арай бетіңді,
Дірілдеп қана тұрып ең үнсіз жанымда.
Алқынды жүрек атылар жанартаудай-ақ,
Мен күйдім сенің, сен күйдің менің табыма.
Мұқаттың бірақ, қас дұшпан ата жаудай-ақ,
Қондың да бір күн басқаның бақша-бағына.
Ойлаумен сені ортайған көңіл толмады,
Жауқазын едім, жара сап кеттің жаныма.
Өтті ғой жылдар өкініш болып, өрт болып,
Күтпеген жерден кездесіп тұрсың тағы да.
Айналып келсе бүлдіршін күндер, дариға-ай,
Қауызынан қайта жарылса,
Күтер ме ең мені, күтер ме ең мені мәңгілік,
Байланып бақсыз тағыңа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу