Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  93


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ӨКІНБЕЙДІ

Өкінеді біреулер әкем жоқ деп,
Өкінеді біреулер шешем жоқ деп.
Өкінбейді, сенбейді ешбір адам,
Ақыл-есің егер де десең жоқ деп.
Өкінеді біреулер аға жоқ деп,
Өкінеді біреулер бала жоқ деп.
Өкінбейді, бірақ та, адам деген,
Ойлар түйсік, сезінер сана жоқ деп.
Өкінеді біреулер жарым жоқ деп,
Өкінеді біреулер малым жоқ деп.
Өкінгенін көрмедім ешбір жанның,
Бетте қытық, абырой, арым жоқ деп.
Ақыл-еске табиғат мырза болып,
Әркім жүр өз басына риза болып.
Ақыл-естің әйтпесе, таласынан,
Кетер еді бет-мұрын мылжа болып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу