Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  80


Автор: Жарылқасын Аманұлы

БІР БАСЫМА

Бір арнадан тараған тау бұлағы секілді,
Бір басымда мың арман кетіреді есімді.
Қыран болып мұз балақ құйылам да қиядан,
Тұлпар болып, кең далам, дүбірлетем төсіңді.
Дауыл болып түнеріп, теңіз де боп шайқалам,
Арыстандай атылып, қорқақ та боп тайсалам.
Бұлт болып бұрқанып, найзағайдай шарт сынып,
Селк етед де сезімім, саябыр табам қайтадан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу