Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  76


Автор: Жарылқасын Аманұлы

КҮМБІРЛЕП КЕУДЕМ

Күмбірлеп кеудем,
Күрмеліп тілім тұр неге.
Сыры көп сылқым,
Сыңғырламайсың жыр неге.
Егіліп түрып,
Төгіліп тұрып,
Жазғаным,
Жабырқау ғана бірдеңе.
Көңілдің көлін,
Аққу жыр, таппай жүрсің бе?
Сыбызғы үнің,
Қосылмай жүрек дүрсілге.
Құлаштап есіп,
Түйінін шешіп тастап сен.
Таста сен,
Айтарың болса іркілме.
Төгіліп төпеп,
Шабыттың шалқар шағында,
Қонғында келіп өзіңнің абат бағыңа
Туған ел қалай
Ақын деп сені ардақтар,
Ақ жарылмасаң алдында.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу