Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  252


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ТУЫС БАР

Тасысам бірге таситын,
Жасысам бірге жаситын.
Туыс бар менде түбі бір,
Туыс бар жаны ашитын.
Әкемдей қартын әке деп,
Жасы үлкен болса жәке деп,
Балаларын бауыр етімдей,
Бауырыма басам мәпелеп.
Көрмесе келер сағынып,
Сағынсам барам сабылып.
Қарттары жайып құшағын,


Балалар жатар жабылып.
Болғанмен бөлек малымыз,
Бөлінген емес жанымыз.
Қажет боп қалса әжетсіз,
Ортаға түсер барымыз.
Не жетсін, шіркін бірлікке,
Жас кезде мұны білдік пе?
Тілеулес болар сыртыннан
Туыстық жақсы-ау тірлікте.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу