Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  133


Автор: Жарылқасын Аманұлы

Туған жер, еркелетші құлыныңды...

Туған жер, еркелетші құлыныңды,
Сіміртші мөлдіріңді, тұнығыңды.
Қолдай гөр қайда жүрсем, қасиеттім,
Бір көзден қалған тұяқ, сынығыңды.
Өзіңсің – сүрінгенде сүйенерім,
Өзінде сүйемелдер киелі елім.
Сағым боп сапырылған келбетіне
Басымды күндік жерден ие келдім.
Туған жер, мұнша неткен ыстық едің,
Көңілімді көкке өрлете құшты лебің.
«А» десем, сазды әуенді сандуғаш боп,
Кеудемнен сыртқа шығар ішкі демім.
Сағынса біреу саған жете алмай,
Біреу жүр қиып сені кете алмай.
Төлің де кеткен жаттың жетегінде,
Телміріп өзіңді іздеп өтеді, Алла-ай!
Кеңейткен қысылғанда тынысымды,
Тасытқан тарыққанда ырысымды.
Туған жер, келдім саған тағы, міне,
Көруге көз тойғысыз ұлы ісіңді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу