Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  115


Автор: Алтыншапақ ХАУТАЙ

БАЛА КҮНГІ КЕЛБЕТІМ

Бұл өмір – армандар аралы,
Өткердік уақытты дүрмекпен.
Балалық қадайды жанарын
Кетілген көнетоз суреттен.
Куəсі бүлдіршін шағымның
Кермек у татпаған кеседен.
Санада сенделмес сағым мұң
Қуыршақ қыз едім кеше мен.
Желбіреп желменен тұлымым
Жылдармен жарысқам,
Бəрі айқын.
Кездерді əкетті ұры – күн
Құлаған жұлдызды санайтын.
Жадымда шалқитын шекер – үн
Сəби күн.
Сарылттың…
Керім ой.
Жерде ондай бақыт жоқ екенін
Сен маған айтпаған едің ғой.
Бұлдырап кеткенмен бала күн
Сайқал сыр сырғыса еңседен.
Кешегі күнəсіз жанарым
Қаймығып тұрамын мен сенен…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу