Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  103


Автор: Ақерке Асан

МУЗАМЕН СЫРЛАСУ...

Махаббатты сезіп нұрлы елестен...
Білемісің, мен өзіңмен кеңескем,
Жібек пенен Баян қыздың тағдыры,
Менің бала қиялыммен тел өскен.
Айлы түнім, самалынан нұр ескен,
Құс жолына үнсіз ғана ілескем...
Көк аспанды көрпе қылып, көк өрім –
көрінбейтін көкжиекпен тілдескем.
Жан-жайлауым құлазиды ел көшкен,
Аққу ғұмыр алыстады көлде өскен.
Жарық күннің жақсылығы – сұраса,
Жүрегімді тұтас берем, бөлместен!
Мөлдір болсын мұңның бəрі мен кешкен...
Мен бір бота...бұтасы көп жерде өскен,
 Сағынышым сағым жырға айналды,
Сансыз ойлар сартап болып селбескен.
Поэзия періштенің сөздері,
Өзімді емдеп, шаттандырам өзгені.
Адал болу, жақын келу Аллаға!
Осы ақиқат жүрегімнің, сезгені...
Керім күндер күрсінісім болмасын,
Абай рухы үмітімді қолдасын!
Ізгіліктің қаламы бар достарым,
Осы жырдың жазсын əрі жалғасын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу