Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  218


Автор: Асхат ҚҰРАЛБАЕВ

Бір көріп құмартып ем...

Бір көріп құмартып ем,
Толқып пəк сезім деген.
Кездесіп қуантып ең,
Көңілсіз кезімде сен.
Бұл күнде жырақтасың,
Күтемін төзімменен.
Шын сүйіп ұнатқасын,
Елжіреп, езілген ем.
Сəт сайын сағынамын,
Түндер көп көз ілмеген.
Бейнеңе бағынамын,
Тапқан соң өзіңнен ем.
Жүзіңнен жақұт көргем,
Ешкімнен сезілмеген.
Не десе бақыт деген,
Мен үшін өзің дер ем.
Мұң-мұзды ерітіп ең,
(Жаныммен егіз деп ем).
Сырқаттай сені күтем,
Дертіне ем іздеген.
 Алаңдап көңілім жүр,
Келші, ыстық сезімменен.
Өткінші өмірім бұл
Өтсінші өзіңменен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу