Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  262


Автор: Данияр ƏЛІМҚҰЛ

СЕН ЖƏНЕ КӨКТЕМ


Құрғады жанардың жасы,
Жымиям дəрменсіз зорға.
Өңдегім өтірік, Расы –
Келмедің, келмеді ол да.
Күтіп ем күйге еніп текті,
Тал қармап таусылды соңы.
Ол неге оралмай кетті,
Сен ертіп кеткелі Оны?...
Уайымға көңілім қарық.
Кешегі күрсініс – өлең.
Іңірде күбірге салып,
Күз жырын қайталай берем.
Күз жыры жанымды мүжіп,
Үздіксіз іздетер нені?
Үлбегей үмітті үзіп,
Арманда алдаған мені.
Сендерге назым көп бірақ,
Тоспасым белгілі енді.
  Көзінде лып еткен шырақ,
Көзімнің ішінде сөнді.
Гүл үміт жара алмай бүрің,
Сезімнің самалы – салқын.
(Түс шығар... бұлдайды түрің,
Ол сенің кейпіңде бəлкім!)
...Ақ кебін кисе күз бағы,
Жүректен күн кешер күрең.
Тағдырлы түр сомдап тағы,
Ол түбі оралад білем!
Сен ше?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу