Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  91


Автор: Асхат ҚҰРАЛБАЕВ

ЕЛ ҮШIН МӘҢГI ЕСIМДЕР

Сап тиылып мәре-сәре, шат халық,
Қарт сыйынып, «Сақтай гөр», - деп Хаққа анық.
Қырық бiрдiң басталғанда қырғыны
Кеттiң бәрiң қан майданға аттанып...

Автоматқа айналды да кетпенiң,
Жат далаға сап түзеп ап, беттедiң.
Күн батырдың қиян-кескi соғыспен
Отқа оранып он сегiзiң-көктемiң.

Дала-маңды қайғы басып қыратты,
Аналарды қасiреттен құлатты.
Жарды жесiр, жетiм етiп баланы
Қаншама үйдi «Қара қағаз» жылатты.

...Жұртың үшiн жауды жеңген жар сала,
Үлгiлi iсiң бүгiнгiге, баршаға.
Елге ерлiкпен оралғанмен, ал бiрақ
Жат топырақ жамылғаның қаншама?!

Бiрге iлескен болашаққа сан көшпен,
Тағзым қылар талай ұрпақ таң-кеште.
Есiл ерлер қырық бiрде қан кешкен,
Есiмiңдi ел шығармайды мәңгi естен!
05.05.2011.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу