Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  560


Автор: Асхат ҚҰРАЛБАЕВ

РАМАЗАН АЙЫ!


Бес парыздың біреуі - бұл Рамазан!
Бір сауабы болатын мың, Рамазан!
Ауызашар, сəресі дұға қабыл,
Ораза ұстағандар Дүр, Рамазан!

Он екі айдың сұлтаны - шын-Рамазан!
Жарамазан, жақсы сөз, жыр-Рамазан!
Тыйылу ішіп жеу мен жамандықтан,
Жан-тəнің тазаратын нұр-Рамазан!

Алла есебін беретін тек Рамазан!
Намазда жамағаты көп Рамазан!
Шын тілесең күнəлар кешірілер,
Əлемдегі ең əділ сот Рамазан!

Береке, қайыр-құтқа бай, Рамазан!
Мұсылман жұрты үшін той, Рамазан!
Мың айдан да қадірлі Қадір түні,
Қасиетті Құран түскен ай, Рамазан!

...Шын сағынып, күткенге дос Рамазан,
Қадірін білмегенге бос Рамазан,
Қимаймыз, өте шықтың міне, тағы,
КЕЛЕСІ КЕЗДЕСКЕНШЕ, ҚОШ, РАМАЗАН!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу