Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  114


Автор: Асхат ҚҰРАЛБАЕВ

СҮЙІКТІМ БОЛШЫ…

Биік шың болшы, ешбір жан аяқ баспаған,
Сүйіктім болшы, жүрегім жазар дастан-əн.
Қиялым болшы, мазамды күн-түн алатын,
Жиі əнім болшы, сағынған сəтте салатын.
Жылуым болшы, жаныма лəззат сыйлаған,
Сұлуым болшы, ешкімге еш кез қимаған.
Тұмарым болшы, кеудемде жырдан өрілген,
Сыңарым болшы, таба алмай жүрген өмірден.
Ақ гүлім болшы, бағымда менің жайқалған,
Шат күнім болшы, бақыттан басым айналған.
Арманым болшы, бір күні қолым жететін,
Жан-жарым болшы, мəңгілік бірге өтетін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу