Аңыздар ✍️

  04.06.2022
  112


Автор: Ескен Елубаев

ШАБАН АТҚА БƏЙГЕ

БАН АТҚА БƏЙГЕ
(Ел аңызы)
Ерте-ерте ертеде,
Қазiргіден көп бұрын,
Онда мына өлкеде
Трамвайлар жоқтұғын.
Есек, түйе, арғымақ –
Адамдардың көлiгi.
Шляпаның орнына –
Болған сеңсең бөрiгi.
Шүберектен терiнi
Көп киетiн заман ол.
Еш пайдасыз ерiгiп,
Бос жүретiн заман ол.
Бiлiмдiден наданның
Əлденеше көп кезi.
Көркi болар даламның
Ғимараттар жоқ кезi.
Бiр бай бопты, ал мұның
Байлығында есеп жоқ,
Басқа адамның барлығын
Ойлайды екен есек деп.
Бiрде осы бай қырда
Келе жатып ерiгiп:
«Шабан атқа бəйгем бар», –
Дептi тұрып желiгiп.
Келе жатыр шiренiп,
Қасында екi малайы,
«Ақыл жоқ» деп сендерде
Сылқ-сылқ күлiп алады.
«Кiмнiң аты артында
Қалса, бəйге сол алсын.
Үлде менен бүлдеге
Ат иесi орансын».
Екеуiнiң əуресiн
Қызықтап ол көрмекшi.
Iшi пысып жүргеннен
Тапты осы ермектi.


Ешқайсысы бəйгенi
Ала алмасын бiледi.
Екi жарлы қайғырып,
Бай миықтан күледi.
Екi жарлы құп алды,
«Дайындал, – деп, – шабысқа»,
Тосып тұрды бұларды
Байдың өзi алыста.
Ал екеуi орнынан
Тұрып алды қозғалмай.
Өйткенi серт емес пе,
Артта қалсаң озғандай?
Осылайша тұрар ма,
Тапжылмастан, кiм бiлсiн.
Кез болмаса бұларға,
Ойда жоқта бүлдiршiн.
Тыңдады да жас бала
Екеуiнiң егесiн,
Қанық болып жағдайға,
Ол айтты бiр кеңесiн.
Сонда екеуi аттарын
Борбайға кеп басыпты.
Қалсын ендi артта кiм,
Алға озуға асықты.
Ең соңынан қараса,
Ең шабан ат бəйге алды.
Бала жайлы бай естiп,
Ақылына таң қалды.
Бұл жұмбақты шешуге
Лаж таппай жынданған,
Бала сөзi мынадай
Екеуiне қиналған:
– Аттарыңды ауыстыр,
Тұрғанша бос тартыспен.


Сонда өз атым қалсын деп,
Шабасыңдар бар күшпен...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу