Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  292


Автор: Наурызбек САРШАЕВ

ЖЫЛА, ЖАҢБЫР


Бəлкім, сірə, адасқан мына жаңбыр,
Бойжеткенге ұқсайды жылаған бір.
Жүрегімнің көз жасы секілденіп,
Жыла жаңбыр, тағы да жыла жаңбыр.
Жыла жаңбыр!
Төгілші тиылмастан,
Əрбір тамшың түзілген түйір жастан.
Гүр-гүр етіп күрсінер кей кездері,
Менің де сен секілді күйім қашқан.
Бүркеніп ішке тықпа өксігіңді,
Қарды емес өзіңді жер көп сіңірді.
Мен де шертем мұңымды, сен де маған
Алдыма тамшылатып төк сырыңды.
Тамшысымен төгілген сор мұңдары,
Толқытып көңілімді қор қылғаны.
Адасқан сол жылауық жауындай боп,
Мен де таппай жүрмін-ау орнымды əлі.
Биылғы жыл шатасып дауланған жыл,
Қаңтарда қар көрмедім ауламнан бір.
Келер жылы тағы да келер ме екен
Қыс кезінде адасып жауған жаңбыр…
Жыла жаңбыр, тағы да жыла жаңбыр…..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу