Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  107


Автор: Қуаныш МЕДЕУБАЕВ

МЕН БІР КҮНІ

Мен бір күні...
Жаныма жұмағыңның төгілгенде
сеңгір нұры,
кірпігіңе байланса егер жердің гүлі,
мен бір күні,
асыл дарам,
саған деген сағынышы басылмаған,
жыласа аспан көз жасын жасырмаған,
терезеден қарасаң тысқа бір сəт,
жанарыңда жарқ еткен жасын болам.
Мен бір күні...
Қу тірлікпен жүргенде жаның əрең,
қосылмай қойса егер, таңыңа рең,
сен жылап, мені тағы сағынар ең,
мен бірақ, жүрегіңнен табылар ем.
Сағынар ең...
Мен бір күні,
Сен жабыққанда,
Сен сағыныштың салдарын жаңа ұққанда,
Сен түс көрсең түсіңе кіріп алып,
Ұмтылып сен екеуміз жарық таңға,
Мен саған қанат болып жалғанар ем,
Қиялдарға өзіңмен қалықтауға.
 Мен бір күні,
Сағынышқа бояса күз реңін,
Сезіміңмен қаламыңнан туамын да,
Жыр болып дəптеріңе түзілемін.
Иə, жаным...
Жоғалтса егер, күз реңін,
Мен бір күні,
Жанарыңнан тамшы боп үзілемін...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу