Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  248


Автор: Еркебұлан ЕЛЕУСІЗОВ

МЕНІ ОЙЛА

Ауылға барсаң қалайда,
Тоғайға баршы, тоғайға.
Бұлбұлдың əнін естісең,
Сағынып сонда мені ойла.
Самалды тыңда үйлесім,
Көйлектің ағыт түймесін.
Мен сүйген балдай ерінді,
Самал жел бірақ сүймесін.
Қызғаныш па еді өртенген,
Қызғанам тіпті өлкеңнен.
Таза бір сезім іздесең,
Бұлаққа келші ертеңмен.
Ақ жаулық болсам таудағы,
Самал да менен саулады.
Тау болып тұрса алып төс,
Кішкентай жүрек жаурады.
Ауылға барсаң қалай да,
Сағынба...
Бірақ, алайда,
Жай ғана жүрек дір етсе,
Қалада жүрген мені ойла.
Жарай ма???




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу