Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  96


Автор: Ақылбек Шаяхмет

«Достарым көп, жауым аз!» – деп мақтанып...

«Достарым көп, жауым аз!» – деп мақтанып,
Отыр біреу жарылуға шақ қалып.
Досым көп деп керегі не тоқталып,
Жауым көп деп керегі не ақталып?!
Жауларым көп, досым менің санаулы,
Дос болады жандар ғана қалаулы.
Дұшпанымды мұқатқаным емес пе,
Құлатпасам дос көтерген жалауды.
Адамдар бар жау да, дос та болмаған,
Өз өмірін тек өзіне арнаған.
Досыңды тос,
ақылыңа ақыл қос,
Бұл дүния кімнен кейін қалмаған?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу