Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  94


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Бұза алмай мұзды сірескен...

Бұза алмай мұзды сірескен,
Жарылсам егер ағымнан,
Олжалы жерде үлестен
Болды ғой күнім қағылған.
Көрсем де қанша құқайды,
Болған жоқ кезім қорынған,
Түгелдеймін деп ұпайды,
Айырылдым талай орыннан.
Қалдым деп, бірақ, өкінбен,
Жоралы жерде жолымнан,
Келсе де басқа не тілден,
Бағымнан, яки сорымнан.
Жолымды шырмап надандық,
Көрсем де зəбір залымнан,
Шығарар сүйреп адалдық
Дұшпанның құрған торынан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу