Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  119


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ЖОЛДА, АТ ҮСТІНДЕ ТУҒАН ЖЫР

Басымда бар күн өтпейтін қалпағым,
Арт жағыма қарай-қарай жортамын.
Жауын жауса, қолшатырым болмаса,
Сол қалпақтан су өтер деп қорқамын.
Үстімдегі жеңіл-желпі желеңім,
Желең киіп, желп-желп етіп келемін.
Күн суытса, жел соққанда бұл киім
Қорғанышы бола алар ма дененің?
Қыз-қыз қайнап шəркей киген табаным,
Үзеңгіге аяқ тіреп шабамын.
Қатты темір аяғымды қажаса,
Көк етікті қайдан іздеп табамын?
Ат үстіне байланғандай тақымым,
Əзір құрғақ астымдағы тоқымым.
Аттан түсіп, үйге кірсем, алайда,
Жылынатын дайын тұр ма отыным?
Шындап шапсам, қатарымынан озамын,
Тəуба, тəуба!!!
Қайнап жатыр қазаным.
Үйге кіріп, демімді алып, масайрап,
Аяқ созып, жалынды жыр жазамын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу