Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  125


Автор: Ақылбек Шаяхмет

АЛТЫ ҰРПАҚ

Айналайын, асқар тауым, жан-əкем,
Таянышым, сая-бағым, берекем.
Бар қызықты ұрпағыңа тілеуші ең,
Ақ пейілің даладай-ақ кең екен.
Келешекке сенім артып жүрдің бе,
Арманыңның іске асарын білдің бе?
Өз атыңа дақ түсірмей келем мен,
Балаң сенің мақтанышың бұл күнде.
Былдыр-былдыр уілдейді немерең,
Балдай тілі тəп-тəтті еді не деген.
Азамат боп өсеріне күмəн жоқ,
Саған тартып туғанына сенеді ел.
Сенімдімін, болады əлі шөберең,
Жырдан басқа, бірақ, оған не берем?
Өлеңімнен сырымды ұқса болғаны,
Түсіне алса, көсегеммен көгерем.
Білем, əке, сен де осыны көкседің,
Ұмытпайды тіпті сені шөпшегің.
Тек игілік жинайтыны ақиқат,
Жер бетіне ізгілікті ексе кім?
Бесінші ұрпақ – ол неменең, жақын ба?
Деушілер бар елемейтін атын да.
Бірақ, менің түсінігім басқаша,
Тек туыстар болу керек ақында.
Ер көнілді жан ұрпағы атанса,
Туажат да болмас саған жат онша.
Арманың не ойыңа алған ісіңді
Келер буын ілгеріге апарса.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу