Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  77


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Тоқсан жолдың торабында серік болып өлеңім...

Тоқсан жолдың торабында серік болып өлеңім,
Өз өзімнен қуыстанып, бұқпантайлап келемін.
Мақсатыма тез арада өмір деген пойызда
Студенттік билетпенен жетіп қалсам деп едім.
Жолдар, қалай басталдыңдар, кезің бар ма таусылар?
Сапар шексем, күндер қызық, көңіл кірден аршылар,
Аялдама таяу қалды, келесі бір вокзалдан
Түсіп қалып, толық билет алған, сірə, жөн шығар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу