Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  152


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Еңбекте ерлік жасағам жок...

Еңбекте ерлік жасағам жок,
Тың жерді де игермедім.
Ауған жақта атысқам жоқ,
Мылтық ұстап үйренбедім.
БАМ-ға барып жол салмадым,
Қаңғымадым əр қияда.
Таусылған соң барша амалым:
Кірдім, бірақ, партияға.
Намысымды белден басып,
Жандайшаптар жанымды ұқпай,
Кетті дауысым қырдан асып,
Жоғалып бос жаңғырықтай.
Идеясын удай сатып,
Бұзғаннан соң дін мен тілді,
Компартия Құдай атып,
Тақтан түсіп, күйретілді.
Бірақ, кейде құныққан жан,
Арылмаған артық еттен,
Аршыла алмай былықтан да,
Төсін қағар партбилетпен.
Ескі қамыт сүйретеді ол,
Мойындамай жеңілгенін,
Алыс емес билеті де
Көрге бірге көмілер күн.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу