Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  94


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жолы тайғақ...

Жолы тайғақ,
Сырты тозғақ,
Алдап-арбап,
Қашып-қармап,
Санын соғып,
Шерді қозғап,
Қаны қайнап,
Деген «Ай,қап!»
Байғұс қазақ
Серттен таймақ.
Бегі қорқақ,
Биі жалтақ,
Кеткен ашып
Мидай сор,бақ,
Болып сартап,
Дейді: «Мал тап!»
Сол қасиет,
Жоқ, қасірет,
Іске шорқақ
Баршаға ортақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу