Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  75


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Не ескінің соңы емес...

Не ескінің соңы емес,
Не жаңаның алды емес.
Көрсеткені құр өңеш,
Аңдығаны мəңгі егес.
Ауылдастың тайына,
Бəйгі тіккен ақымақ,
Жүре алмайды жайына,
Екі көзі шатынап.
Не келсе де ойына,
Жүндей сабап өсекті,
Жасырады қойнына
Кісі өлтірер кесекті.
Аты шықпай, жер өртеп,
Сабағандар Абайды,
Бір оңтайға келер деп,
Бүгін маған қарайды,
Шоқ басқандай табаның,
Шамдансаң да, қол күйет.
Басқа ғасыр, басқа жыл...
Өзгермеген сол ниет.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу