Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  100


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Кейде бір қиындықтан есеңгіреп

Кейде бір қиындықтан есеңгіреп
Қалсам да, қайтарғым кеп есемді көп,
Ей, өмір, тіпті сенің бермесіңді,
Аламын тартып түбі десем керек.
Түйінін көңілімнің шешем бе деп,
Қиялдың қиясына неше өрмелеп,
Оқталып талай рет, тоқталдым мен,
Алатау баурайына көшем бе деп.
Өзгеден болғанменен көшем бөлек,
Елімнен емес менің есем бөлек.
Құнарлы əуел бастан топырағым,
Енді тек ағыл-тегіл нөсер керек.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу