Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  102


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Көлбейді сағым керенау...

Көлбейді сағым керенау,
Көкорай шалғын жер анау.
Əкеңнің атамекені –
Сенің де мұраң, балам-ау!
Дəм татқан жерім осы ара,
Дос тапқан жерім осы ара.
Асқар тау – асыл əкеммен
Қоштасқан жерім осы ара.
Мал баққан жерім бұл ара,
Шөп шапқан жерім бұл ара.
Перзенттік сəби махаббат
Басылмас мəңгі, сірə да.
Гүл терген жерім осы жер,
Қыдырған белім осы жер,
Осы жер менің бесігім,
Тəңірім берген несібем.
Өмірдің ұқтым не екенін,
Ал егер болса екі өмір,
Оны да саған арнар ем,
Туған жер – атамекенім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу