Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  90


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Қызықтым Алатаудың ақ қарына...

Қызықтым Алатаудың ақ қарына,
Жап-жасыл Алматының бақтарына.
Нұр жайнап, сырлы дүния, сен тұрасың,
Үңілсем жадыраған шақтарыма.
Күндер-ай, байқалмайтын қасиетің,
Барасың қиялымды басып өтіп.
Өзіңде барлық бақыт-қуанышым,
Өзіңде барлық қайғы-қасіретім.
Сондықтан тапсын жүрек неге тыным,
Болашақ күндер еді сенетінім.
Созылса қарсы алдымнан жазық дала,
Тай мініп қарсы шапқым келетұғын.
Есімде ауылымнан аттанғаным,
Алдымда шалқар теңіз – жатты арманым.
Əкетті өмір-өзен толқындары
Көзімнен арайлатып ақ таңдарын.
Сағынып қалам-ау деп бұл даланы,
Артыма қимастықпен бір қарадым.
Ақ көңіл, пəк сезімнің белгісіндей
Жанардан жалғыз тамшы сырғанады.
Жанымның көтерілген кептеріндей
Сол күннің ізі қалды дəптерімде.
Көңілді орнықтырам шыңға қарап,
Кейде бір жабырқаған сəттерімде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу