Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  92


Автор: Ақылбек Шаяхмет

БЕЛГІСІЗ СОЛДАТ

Қабіріңе гүл өсіпті тас жарып,
Дəл төбеде қалықтайды ақша бұлт.
Тыным алып, мəңгі ұйқыда жатырсың
Туған жердің топырағын жастанып.
Жалын кешіп жастық жігер, арының,
Ұмытпайды ел шейіт болған нар ұлын.
Естімедің Жеңістің де дабылын,
Көрген жоқсың от-шашудың жарығын.
Білдің, бірақ, əділдігін ісіңнің,
Жаудың түбі жеңілерін түсіндің.
От кешуде Отан үшін атойлап,
Намыс туың келмеді əсте түсіргің.
Сондықтан да бейбіт заман орнаған,
Қара бұлт жоқ аспанымды торлаған.
Көппен бірге бас иемін мен үнсіз,
Сенсің, солдат, өмір гүлін қорғаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу