Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  52


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ҚОЛЫҢНАН КЕЛЕР БОЛСА...

Уайым бар көкейімде менің, досым,
Соқпайды кей уақыт көңіл қошым.
Жүзіңнен күлкі кетіп, əр тайғанда
Қызық па өмір деген тегінде осы,
Бұл көңіл қырық жамау ортайғанда
Қолыңнан келер болса, желімдеші.
Жалғанды жайпап өтер күдік құрсын,
Ішіңнен оны, əрине, біліп тұрсың,
Елемей қайғы-мұңды басып өткен,
«Сенімді жоғалтпа!» дер үміт – көршім,
Қабырғам сөгіледі-ау қасіреттен,
Қолыңнан келер болса, тігіп көрші.
Өмірге келмесең де азап үшін,
Шерлісің, кейбір кезде азалысың.
Қинайды улы сөз сап атқан оқтар,
Өсектен күйіп-жанып барады ішім.
Қыртысы көңілімнің қатпар-қатпар,
Қолыңнан келер болса, жазамысың...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу