Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  98


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Ауылымнан кетіп барам жыраққа...

Ауылымнан кетіп барам жыраққа,
Жолым ұзақ, уақыт тығыз, бірақ-та.
Шыққаныма аз ғана күн болса да,
Өтіп кеткен сияқтанды бір апта.
Арманымдай Алматыны бетке алып
Біраз болған туған жерден шыққалы.
Қостанайда бірге мінген адамдар
Мені əлі де болған жоқ-ау нық танып.
Сұрай қалса жүрісімнің себебін,
Қысыламын, не деп жауап беремін?
Пойыз болса мінгізіп ап ақынды
Бірде тоқтап, бірде жүріп келеді.
Көңілімде əлдеқандай бар ағын,
Дала жаққа сүйсініп кеп қарадым.
Жас ақынның жаңа жазған жырлары
Жолаушыдай вагон кезіп барады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу