Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  85


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Тереңді біреу қалайды...

Тереңді біреу қалайды,
Биікке біреу қарайды.
Дұрысы, қалқам, ортада
Жүргенің əбден қолайлы.
Қай жерге, қалай барасың,
Биікке шықсаң – тонасың.
Тереңге онша бойлама,
Тұңшығып онда қаласың.
Ел жүріп өткен ізге де
Құмармыз осы біз неге?!
Тереңнен ауа таппасаң,
Биіктен жылу іздеме.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу