Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  87


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ПАТША-ҚОҢЫРАУ МЕН ПАТША-ЗЕҢБІРЕК

Қаншама алып болса да қоңырауы патшаның,
Елге деген пейілі ойыншықтай шап-шағын.
Қаншама зор болса да зеңбірегі патшаның,
Жерге деген ниеті ойыншықтай шап-шағын.
Бірақ, осы мелшиген зеңбіректің сұсынан,
Қара терге малшынып, өз-өзімнен қысылам.
Қоңырау дауысы шықса егер мұнараның басынан,
«Жаман хабар бар ма?» – деп елегізіп, шошынам.
Жалғыз жанның үкімі қалың елге бұйырған,
Тонна-тонна темір боп мызғымастай құйылған.
Салып көрсең безбенге, ақылымен сезгенге
Батпан-батпан салмақтан түсер асып түйір дəн.
Зілдей жүкті қайыспай тарта алатын нар қайда,
Аңдамаған ойыннан от шығарса, жанбай ма.
Мақтаны ма, сұсы ма, сəні ме əлде патшаның,
Осыншама шойыннан соқа соқса болмай ма?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу