Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  133


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Ауасы бал, суы нəр, көгі кілем...

Ауасы бал, суы нəр, көгі кілем,
Біткен жоқпын аралап жерімді мен.
Тағы жаңа жер көрсем шабыттанып,
Тағы жаңа дос тапсам, көңілденем.
Асау өзен, алып тау, көлімменен
Жаным менің ешқашан бөлінбеген.
Туған жерге табаным тисе болды,
Жүргендеймін жұмақтың төрінде мен.
Жігеріңді дос қылсаң сенімменен,
Алынады асулар көрінбеген,
Жол үстінде қиыны, қызығы бар,
Саяхат-ау ғажайып өмір деген.
Жерімді мен аралап біткен жоқпын,
Біткен жоқпын аралап жерімді мен




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу