Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  84


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жылдарға қарап жылжыған...

Жылдарға қарап жылжыған,
Байқадым көбін уақыттың
Аударсын назар кім бұған?
Алайда, босқа жатыппын.
Айларда тағы кенелдім,
Сағатқа қарап кідірдім,
Минутқа қарап бөгелдім,
Секундқа қарап сүріндім.
Ас ішіп, аяқ босатқан
Зуылдап өтті күндерім.
Тасадан маған тас атқан
Кім екенін де білмедім.
Мəз болып жүріп дайынға,
Сайранмен өтті көп күнім.
Даңғаза күлкі-ойында
Білмедім баян жоқтығын.
Жыл өткен сайын күші кем,
Келгенмен ақыл, аз қайрат.
Жүректің терең ішінен
Шығады, бірақ, сөз қайнап.
Кейінгі жастар ұғынсын,
Болсақ та қанша өр кеуде,
Тұрса да тосып бүгін сын,
Асыққан дұрыс ертеңге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу