Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  91


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Суды жұттым тастай суық мұзы көп,

Суды жұттым тастай суық мұзы көп,
Асты да іштім су татыған, тұзы жоқ.
Жолықтырдым жылуы мол жандарды,
Жүрегіме əкелді олар қызу, от.
Көп жүрген соң ұзақ жолда бақ сынар,
Бұл өмірде аз дейді жұрт жақсылар.
Жүрек нұрға, ми санаға толмаса,
Тіршіліктің қызығы да жоқ шығар.
Бірі оятты қалғып кетсе намысым,
Берді бірі қысылғанда қол ұшын.
Жүректерден иман нұры төгілді,
Адамдарға ризамын сол үшін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу