Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  291


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Мейіріміңе қарасаң...

Мейіріміңе қарасаң,
Атаң менен анаңдай.
Аялауға жарасаң,
Əлпештеген балаңдай,
Ғашықтығы орасан,
Қозы Көрпеш-Баяндай.
Артқа қарап үлгірмей,
Жолда да көп кідірмей,
Өтер күндер аяңдай.
Кеткен күнде мақсат жоқ,
Шаруа бітпей жақсы ат жоқ,
Тоты құстай таранбай,
Алды-артыңды абайлап,
Төңірекке қарайлап,
Қыран құстай қаранбай,
Бүгін бар да, ертең жоқ,
Қазір одан көркем жоқ,
Иықтағы погондай,
Бекетке дейін соңында,
Бекеттен кейін алдына
Түсіп алған вагондай
Құбылмалы өмір бұл,
Тұрақтылық жоқ онда-ай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу