Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  89


Автор: Ақылбек Шаяхмет

АДАМ ЖАСЫ

Санассаң көппен,
Айта алсаң еппен,
Он үшің – бақша,
Гүлдейтін, ексең.
Жиырма бес – көктем,
Отызың өктем,
Қырықта қызық
Күндерің өткен.
Ер жасы – елу,
Шықпайтын шектен,
Алпысың – тал түс,
Шуағын төккен.
Жетпісте шабан
Атың да жеккен,
Келгенде сексен,
Жерменен жексен.
Тоқсанда басың
Атандай шөккен,
Жүз жаста асың
Ботқа ғой бөккен,
Адамның жасы
Осындай жеткен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу