Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  100


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ӨЛЕҢІМ МЕНІҢ – АЙ, КҮНІМ

Көрсетсе жырым жүз қылық,
Қызығып соған, ержеттім.
Өлеңмен тойды қыздырып,
Өлеңмен бесік тербеттің.
Арқандай өрген жымдасып,
Маржаны сөздің жазылды.
Құрдаспен, доспен сырласып,
Өлеңмен айттым əзілді.
Өлеңмен жаздым хатты да,
Тек қана арыз жазбадым.
Тұтаттым жырмен отты да,
Күйіп те қала жаздадым.
Жыр жазсам күнде көсіліп,
Көсегем менің көгерген.
Өлеңмен өртті өшіріп,
Жусаттым жауды өлеңмен.
Сүйексіз дейсің тіл неге,
Айтайын оның қайбірін?!
Іздейтін күндіз, түнде де,
Өлеңім менің – Ай, Күнім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу