Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  55


Автор: Ақылбек Шаяхмет

КЕСЕ АЛМАЙСЫҢ ТІЛІМДІ!

Бауырдан да жұмсақ тіл,
Қамшы-сынды, ұрсақ, тіл.
Қылыштан да өткір тіл,
Кажет кезде жұмсап, біл!
Таңба салып кеткен тіл,
Сүйектен де өткен тіл.


Талайлардың түбіне
Оқжыландай жеткен тіл.
Досқа сайран, қорған тіл,
Жатқа ойран салған тіл.
Ер мен елді ұйытып,
Алтын көпір болған тіл.
Тіл кетіріп жараны,
Тіл жояды жаланы.
Ащы болса – обалы,
Тəтті болса – сауабы.
Дауыстары қарлыққан
Шешендерге болдық таң.
Қызыл тілде сүйек жоқ,
Аңдап сөйле, сондықтан.
Ашып айтып сырымды,
Келтірсем де жыныңды,
Басты кесіп алмасаң,
Кесе алмайсың тілімді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу