Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  105


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ҚЫРҒЫЗ ЖЕРІ

Жаңа білдім қырғызда Нарын барын...
Нарын сары май сақтаушы ед қарын-қарын.
Қырғыздың да Нарыны – құм ба сары,
жел-дауыл ма оның да мұңдасары?
Сары май жоқ,
сары құм жоқ,
есесіне:
бал-шарабын сімірдік кесесімен.
Кішірмедің, қырғыз дос, тарылмадың,
қанша кіші болса да Нарын – Нарын,
Нарындықпен, нарлықпен шыға бер сен...
Бір шоқыға шоқытып шыға келсең,
айналаның көресің бәрін-бәрін.
Алақан боп күтті дос, жаңа тағы,
алақан боп таулардың таңы атады.
Алақан боп сипады түнгі лебі –
Мен де тағы келермін,
кім біледі,
Нарын шығар қырғыздың алақаны?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу