03.06.2022
  85


Автор: Ескен Елубаев

КIМНIҢ ҚАТЕСI?

– Мына сия көк пе?
– Көк.
– Мына қарындаш көк пе?
– Көк.
– Аспан көк пе?
– Көк.
– Шөп көк пе?
– Көк.
– Жоқ!
– Неге онда «көк» дейдi,
Көк жапырақ дейдi.
Шындығында жасыл, – деп,
Өзеурейдi баласы, –
Мiне, түсiн қарашы!..


Жауап таппай осыған,
Қиналады əкесi.
Осы кiмнiң қатесi?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу